Жаңа буынның халықаралық мектебі, Қазақстанның мұрасын әлемдік үздік білім беру тәжірибелерімен ұштастырады
1-5 сыныптар
NIS-Programme білім беру бағдарламасы
Бүгінгі таңда мектеп– бұл идеялар туындайтын, ойлау қабілеті қалыптасатын және құндылықтарды бойына сіңіретін орта. Steppe School-ды құруда біз НЗМ мектептерінің озық білім беру тәжірибесіне сүйендік, мұнда басты назар оқушының жеке тұлғасы мен білім сапасына бағытталған.
Біз білім берудегі жетістіктер құндылықтарды, цифрлық сауаттылықты, сыни және шығармашылық ойлауды дамытумен ұштасатын кеңістік құрамыз

Cambridge International стратегиялық серіктестігімен әзірленген NIS-Programme білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның бастамасымен жүзеге асырылады және жаратылыстану ғылымдары мен математика саласын тереңдетіп оқытуды көздейді. Бағдарлама толық күндік мектеп форматында іске асырылады.
Мектеп миссиясы:
Біздің миссиямыз— оқушылардың табысты келешегіне қажет технологиялық сауаттылық, терең ойлау мен көшбасшылық қабілеттерді қалыптастыра отырып, мықты академиялық және құнды іргетас қалау

Мектеп пайымы:
Біз жаһандық деңгейде ойлайтын, жергілікті әрекет ете отырып, өз ісіне, өз елінің және ғаламшардың болашағы үшін жауапкершілікті сезіне алатын ұрпақ тәрбиелейміз
Біз оқушының тек академиялық білімімен ғана шектелмей, шәкірттеріміздің спорт, зияткерлік пен өнер қабілеттерін ашамыз.  Қаланың логистикасын ескере отыра, мектеп қабырғасында біршама үйірме ұйымдастырдық. Оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал ететін сайыстар, фестивальдер, олимпиадалар, кездесулер, жобалар мен экскурсиялар жүйелі түрде ұйымдастырамыз. Сабақтан кейін оқушылар уақыттарын отбасы және достарымен сапалы өткізуі үшін, мектепте үй тапсырмасын орындауға арнайы уақыт қарастырылған.

Оқушылар арасындағы қарым-қатынас өзара құрмет пен түсіністікке негізделген. Мұндай қарым-қатынастың кепілі — KIVA-антибуллинг бағдарламасы. Бағдарлама буллингті болдыртпай, алдын алуды қамтамасыз етеді.
Steppe School халықаралық мектебі — жарқын болашаққа апарар сенімді жол, себебі бұл жерде балаңыз алғашқы күннен бастап дербес ойлап, сенімді шешім қабылдай алатын тұлға болып қалыптасады. Балаңыздың жарқын болашағына бастар жолдың іргетасы осында қаланады.
Алдын-ала жазылу керек
Ата-анамен кездесу
Келісімшартқа қол қою
Мектептің ішін аралау
Оқушыларын сынақтан өткізу
Жеке сөйлесу
Мектептің ішін аралап көруге телефон/WhatsApp/сайттағы форма арқылы жазылуға болады
Ата-ананың білім мен тәрбиеге көзқарасымыз бен құндылықтарымызды бізбен бөліскені өте маңызды
Балаңызды мектепке қабылдау туралы келісімшартқа қол қоямыз
Біз сіздерге сыныптарды, спортзалды, асхана мен демалатын жерді көрсетеміз. Көкейіңіздегі барлық сұрақтарды қойып, жауап ала аласыз
Балаңызды жақсырақ тану үшін, аздаған сұрақтар қоямыз
Сізді сынақ тестілеуіне жазылуға шақырамыз!
Баламен сұхбат өткіземіз (1 сыныптар үшін)
1
2
5
3
6
4
4 000 000 теңге/жыл
2026-2027 оқу жылына 1-сыныпқа арналған оқу ақысы
300 000 теңге
2026-2027 оқу жылындағы бір реттік кіру жарнасы
Алдағы оқу жылының толық төлемі жағдайында, 1 маусымда дейін төлеген кезде қосымша 10% жеңілдік беріледі.
© Steppe School 2026
Байланыс деректері
Алматы қ., Елібаев көшесі, 2, Қалқаман-2 шағын ауданы, Наурызбай ауданы
Мекенжай
Навигация
Made on
Tilda